Қызметкерлерге және білім алушыларға қызмет көрсету орталығы

Қызметкерлерге және білім алушыларға қызмет көрсету орталығы (әрі қарай – Орталық) Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өз қызметінде Орталық Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңын, ҚР БҒМ-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы бұйрықтарын, білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дың ішкі ережелерін басшылыққа алады. Орталық мынадай мемлекеттік қызметтерді ұсынады.
Орталықтың құзыреттілігіне мынадай анықтамаларды беру кіреді:
– транскриптілер;
– студенттің жоо-да білім алу фактісін растайтын, соның ішінде ЗТМО үшін анықтамалар;
– әскери комиссариатқа ұсыну үшін анықтамалар;
– Елшілікке ұсыну үшін анықтамалар;
– шәкіртақы алу туралы анықтамалар;
– оқыту құны туралы анықтамалар;
– қосымша білім беру факультетінің тыңдаушылары үшін анықтамалар;
– қызметкерлерге жұмыс орнынан анықтамалар.
Байланыс: Университет көшесі,28 Тел.: 8 (7212) 79 39 96.
CALL-CENTER 8 (7212) 900 270
Top