Ғылым және коммерцияландыру басқармасы

Ғылым және коммерцияландыру басқармасы (бұдан әрі – ҒКБ) Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, тікелей жетекшілік ететін проректорға және ректорға бағынады

БАСҚАРМА ТУРАЛЫ

Бөлімше бағыты және қызметінің негізгі түрлері
Ғылым және коммерцияландыру басқармасы ғылыми-зерттеу бөлімі (ҒЗБ) және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінен (ТКК) тұрады. Ғылым және коммерцияландыру басқармасының қызметі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысу, зияткерлік әлеуетті және озық технологияларды тиімді пайдалану негізінде елдің бәсекеге қабілетті экономикасының тұрақты даму жағдайларын қамтамасыз ету;
  • университеттің ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру, ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру, сүйемелдеу және жүргізуге жәрдемдесу;
  • жоо ғалымдарының, докторанттарының, магистранттары мен студенттерінің ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау, ғылымды қажетсінетін технологиялар саласында кәсіпкерлердің жаңа генерациясын қалыптастыру мақсатында ғылымды қажетсінетін бизнес үшін өнімдер мен технологияларды жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүргізуге қатысу үшін студенттерге, магистранттарға және докторанттарға қосымша мүмкіндіктер беру;
  • зияткерлік меншік объектілерін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды дайындау;
  • университеттің Жас ғалымдар кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау;
  • студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, студенттер мен магистранттар арасында үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына конкурстар өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру
БАСҚАРМА ҚҰРЫЛЫМЫ

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
Ғылыми-зерттеу бөлімі университеттің ғылыми байланыстарын басқарады және ғылыми жобаларды іздестірумен айналысады. Ол қажетті құжаттаманы рәсімдейді, ғалымдардың халықаралық ғылыми жобаларға қатысуын қамтамасыз етеді, жобаларды іске асыру үшін түсетін қаржы ресурстарының менеджментімен айналысады.
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ КЕҢСЕСІ
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Жұмыс тел.: 8 7212 35 64 93 (ішкі 1031, 1024)
e-mail: skasymov@mail.ru, otdel_nauki233@mail.ru
Top