Ректордың құттықтау сөзі

Қадірлі достар!

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жарқын тарихымен Қазақстан Республикасының үздік университеттері қатарында. ҚарМУ Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бас рейтингісінде, QS World Universities Rankings [Гиперсілтеме 1] үздік университеттерінің әлемдік рейтингінде, Webomеtrix [Гиперсілтеме 2] халықаралық рейтингісінде көпсалалы университеттер көшбасшыларының үштігіне еніп келеді.

Университеттегі мамандықтар ұлттық рейтингіде [Гиперсілтеме 3] алдыңғы қатарлы орынға ие. Қарағанды университеті бакалавриат бойынша 90-нан аса мамандық [Гиперсілтеме 4], магистратура бойынша 60-тан аса мамандық [Гиперсілтеме 5], PhD докторантура бойынша 12 мамандық [Гиперсілтеме 6] бар. Қарағанды университетінің 12 факультетінде 12 мыңнан астам студент, магистрант және докторант оқиды. Университет қабырғасында шет елдерден келген жүздеген шетел студенттері білім алуда.

Университетте «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының 158 иегері [Гиперсілтеме 7], Мемлекеттік ғылыми стипендияның 24 лауреаты, дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның 57 лауреаты қызмет етеді.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті оқу және ғылыми-зерттеу базасы маңызды ғылыми зерттеулер жүргізуге және қазіргі заманғы білім беру технологияларын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады [Гиперсілтеме 8]. Университетіміздің даму қарқыны болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Талап етілген білім беру бағдарламалары, қосымша мамандық алу мүмкіндігі, онлайн оқу, өзіндік стартап-жобаларды жүзеге асыру әлемдік деңгейдегі білім алуға ұмтылатындардың барлығын еңселі болашаққа бастайды.

Қарағанды университетінде оқу – бұл тек білім алу емес!

Блог Ректора КарГУ

Top