Жобалық Өзгерістер кеңсесі

Өзгерістер кеңсесі туралы
Өзгерістер кеңсесі 2021 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша құрылды. Университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.
Кеңсенің қызметі стратегиялық маңызы бар ішкі жобаларды жоспарлау, әзірлеу, үйлестіру, апробациялау тәрізді жобалық қызметпен байланысты. Кеңсенің мақсаты – адами капиталды, КЕАҚ жарғылық мүмкіндіктерін, жобалық менеджментті іске асырудағы озық тәжірибені тиімді пайдалана отырып, университеттің стратегиялық трансформациясына ықпал ету.
Кеңсе өз қызметінде Қазақстан Республикасының және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің білім беру саласындағы стратегиялық құжаттарын басшылыққа алады.
Кеңсе стратегиялық маңызы бар ішкі жобаны іске асыру кезінде құрылатын жобалық топтардың жұмысын үйлестіреді.
Кеңсені филология ғылымдарының кандидаты Дмитрий Викторович Дьяков басқарады.
Байланыс деректері: Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, № 207 кабинет, тел. 35-63-64,
E-mail: office.transformation@buketov.edu.kz
Презентацияны қарау

Біздің ұстанымдар

Біздің ұстанымдар
• Стратегияға сүйенеміз
• Мүмкіндіктерді пайдаланамыз
• Жаңашылдық енгіземіз

Стратегиялық маңызы бар ішкі жоба туралы

Ішкі жоба
Ішкі жобаның стратегиялық маңызы бар, түрлі мамандардың немесе лауазымды тұлғалардың күш-жігерін біріктіруді талап етеді, университет қызметінде жаңа практикалардың пайда болуына әкеледі, КЕАҚ жарғылық мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік береді.
Ішкі жобаның өзінің өмірлік циклі бар: жоспарлау кезеңі; әзірлеу кезеңі; нәтижелерді апробациялау және бағалау кезеңі; университет қызметінде іске асыру үшін нәтижелерді құрылымдық бөлімшеге беру кезеңі

 



Жобалық әлеуеті бар стратегиялық міндет
Жобалық әлеуеті бар стратегиялық міндет түрлі функционалдық салалар сарапшыларының ұжымдық қатысуын талап етеді; университет қызметінде практикалық іске асыру перспективалары бар өлшенетін нәтижені болжайды; 3 айдан 12 айға дейінгі қысқа мерзімді іске асыруға мүмкіндік береді.

 



Жобалық топтар
Жобалық топтар – функционалдық міндеттері ішкі жобаның міндеттерімен байланысты университеттің лауазымды тұлғаларынан құрылған жұмыс тобы. Қажет болған кезде жобалық тобының құрамына біліктілігі жобаны толыққанды әзірлеу үшін қажетті құзыреттердің ішкі тапшылығын өтейтін сыртқы сарапшылар кіруі мүмкін.

 

 

 

 



Жобаның нәтижелері
Жобаның нәтижелері зияткерлік қызметтің дайын өнімі, мысалы, тетіктер, инновациялық ережелер, demo-нұсқалар және т.б. түрінде ресімделеді. Жобаны аяқтау және оны пайдалануға беру туралы шешім қабылдайтын Академиялық кеңеспен немесе университет Басқармасымен бағаланады. Функционалы әзірленген өнімді үдерістік пайдаланумен байланысты құрылымдық бөлімшеге беріледі.

Ережені қарау
Презентацияны қарау

Өзгерістер кеңсесінің жұмыс жоспары

Өзгерістер кеңсесінің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары

Стратегиялық маңызы бар ішкі жобаның атауы ҚарУ-дың 2020-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарының бағыты

 

Күтілетін нәтижелер Аяқталу мерзімі
1 Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ цифрлық экожүйесін дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Тұжырымдамасы мен Жол картасын әзірлеу Инфрақұрылым. Цифрлық экожүйе Орта мерзімді перспективада ҚарУ-да цифрлық экожүйені дамытудың стратегиялық көзқарасы мен тактикалық жоспарының болуы 1.02.2021 ж.
2 Университет сайтының дизайнын өзгерту Инфрақұрылым. Цифрлық экожүйе Web-дизайн бойынша ұсыныстар әзірлеу. ҚарУ-дың жаңа логотипін ескере отырып, жаңа дизайнды енгізу. Сайттың жаңа макетін әзірлеу. Сайтқа ақпарат беру регламентін әзірлеу. 2021 ж. наурыз – әзірлеу;

2021 ж. мамыр – техникалық енгізу

 

3 ЖАОК дайындау үшін әдістемелік және ресурстық базаны әзірлеу Инфрақұрылым. Цифрлық экожүйе ЖАОК орналастыруға арналған жеке платформасының, онлайн курстарды әзірлеудің әдістемелік тетігінің, оқу бейнеконтентін жазу студиясының болуы 2021 ж. маусым

Осы Жұмыс жоспарын стратегиялық даму жөніндегі проректор Б.А. Жетпісбаева бекітті

12.01.2021 ж

Жобалық топтар

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 2021-2023 жылдарға арналған Цифрлық экожүйені дамытудың тұжырымдамасы мен Жол картасын әзірлеу жөніндегі жобалық  тобы

Аналитикалық топ:

ТАӘ Лауазымы
1. Б.А. Жетпісбаева стратегиялық даму жөніндегі проректор
2. Д.В. Дьяков Өзгерістер кеңсесінің басшысы
3. В.А. Карабасов Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар орталығының бастығы
4. Т.В. Микляева ҚБҚО басшысы
5. Т.В. Спирина қолданбалы математика және информатика кафедрасының меңгерушісі

Сұхбатқа қатысушылар:

 № ТАӘ Лауазымы
1. Г.К. Әбдіғұлова ғылыми кітапхана директоры
2. С.В. Гаголина ОӘБ бастығы
3. Г.Ж. Жетімекова ҚБО басшысы
4. М.К. Жұмабеков Баспасөз қызметінің басшысы
5. Ә.Т. Қалиева Қызметкерлерді басқару бөлімінің бастығы
6. С.Г. Карстина ЖОКББ бастығы
7. С.С. Қасымов Ғылым және коммерцияландыру басқармасының бастығы
8. Э.Қ. Мүсенова Тіркеуші кеңсесінің басшысы
9. А.К. Түсіпбекова радиофизика және электроника кафедрасының меңгерушісі
10. Ж.С. Хусаинова экономика факультетінің деканы
11. Л. Никель экономика факультетінің 1 курс магистранты
12. Қ.Г.Хабдрахманова

 

студенттермен жұмыс қызметінің басшысы

Жазбаша ұсыныстардың авторлары:

ТАӘ Лауазымы
1. А.Р. Ешкеев математика және ақпараттық технологиялар факультетінің кафедра меңгерушісі
2. Ж.М. Жартай «Buketov Bisiness and Innovation Hub» технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің басшысы
3. М.М. Иманбеков педагогика факультетінің деканы
4. Е.В. Минаева ХЫБ бастығы
5. Г.К. Тілеужанова шет тілдер факультетінің деканы

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті сайтының дизайнын өзгерту бойынша жобалық топ

Аналитикалық топ:

ТАӘ Лауазымы
1. Б.А. Жетпісбаева стратегиялық даму жөніндегі проректор
2. Д.В. Дьяков Өзгерістер кеңсесінің басшысы
3. Л.А. Антоненко бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының доценті
4. А. Бертагин АТжТО инженер-бағдарламашысы
5. Ж.М. Жартай «Buketov Bisiness and Innovation Hub» технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің басшысы
6. М.К. Жұмабеков Баспасөз қызметінің басшысы
7. Д.Г. Мамраева маркетинг кафедрасының меңгерушісі
8. Л.В. Ташенова маркетинг кафедрасының аға оқытушысы

 Сұхбатқа қатысушылар (санаттар бойынша):

  1. Әкімшілік қызметтер басшылары корпусының өкілдері
  2. Декандар корпусының өкілдері
  3. Студенттер өкілдері

Барлық бөлімшелерде сайтты жақсарту жөніндегі шаралар туралы сұрақнаманы толтыру және оны Өзгерістер кеңсесіне жіберу мүмкіндігі бар

Top