Бос жұмыс орындары – архив

Білім сапасын мониторингілеу бөлімінің маманы – 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: әлеуметтік зерттеулер, сауалнамалар жүргізу; зерттеулерге дайындық; сауалнамалар әзірлеу; нұсқамалық жүргізу және пікіртерім жүргізуді үйлестіру; пікіртерім нәтижелерін өңдеу; пікіртерім нәтижелерін талдау және бағалау.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын;
Біліктілікке қойылатын талаптар: әлеуметтік, экономикалық, гуманитарлық, техникалық ғылымдар және /немесе бизнес саласындағы жоғары кәсіптік білім; әлеуметтік зерттеулер жүргізу тәжірибесі кемінде 1 жыл;
Мына мекенжайға хабарласыңыз: Университет к-сі, 28, қызметкерлерді басқару бөлімі (228-каб.), анықтама телефоны 35-63-96, Білім сапасын мониторингілеу бөлімі (220), тел.: 35-62-03.

ҚТК маманы – 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: есепке алудың, есептіліктің дұрыс қойылуы мен дұрыстығын және тауар-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету; барлық бухгалтерлік операциялардың дұрыс және уақтылы құжаттамалық ресімделуін қамтамасыз ету; тауар-материалдық және ақша қаражатының түгенделуін ұйымдастыру; кассалық және есеп айырысу тәртібінің сақталуын бақылау; ҚҚС салық есебін жүргізу, салық органдарымен жұмыс істеу;

Қойылатын талаптар: бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша жоғары білім, 1С бағдарламасын білу.

Қоғамдық тамақтандыру комбинатының аспазы – 2 бірлік

Лауазымдық міндеттері: Тағам дайындау және безендіру, көкөніс және жарма өнімдерін пісіру. Бәліштерді, бүйрекшелерді, тоқаштарды қалыптаумен, оларды қуырумен және пісірумен, сондай-ақ котлет массасынан жартылай фабрикаттарды қалыптаумен және аунатумен айналысу. Тағамдар мен аспаздық өнімдерді дайындау бойынша қосалқы жұмыстар жүргізу. Шикізатты бастапқы аспаздық өңдеу процестерін енгізу. Түрлі тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттарды жылумен өңдеу ережесін, етті, балықты және т.б. қабылдау ережесін және оларды бастапқы өңдеу бойынша операцияларды орындау ретін білу.

Біліктілікке қойылатын талаптар: арнайы орта білім, жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес.

Қоғамдық тамақтандыру комбинатының кондитері – 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: қатпарлы, бисквитті, қайнатпа қамырдан торттар мен тортшаларды, түрлі кекстерді өндіру. Қамыр дайындамаларын даярлау; шығарылатын бұйымдардың ассортиментін, қолданылатын шикізаттың, дәмдік және хош иісті заттектердің, қопсытқыштар мен бояғыштардың түрлерін білу; кондитерлік өнімдерді дайындаудың рецептурасын, технологиясын және режимін, дайын өнімнің шығу нормаларын білу.

Біліктілікке қойылатын талаптар: орта кәсіптік білім, жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес.

Қоғамдық тамақтандыру комбинатының асүй қызметкері – 4 бірлік

Лауазымдық міндеттері: асүйде, залда және басқа да өндірістік үй-жайларда тәртіп пен тазалық үшін, жоғарыда көрсетілген үй-жайларды уақтылы жинау үшін толық жауапты болу. Жинау мүкәммалының дұрыс пайдаланылуы мен сақталуын қадағалау. Тамақ қалдықтарын жинауды, уақтылы шығаруды және дұрыс сақтауды бақылау.

Дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, асүйлік ыдыстарды, мүкәммалды, металл және ағаш науаларды жуу, тазалау және кептіру тәсілдерін білу. Жуу дезинфекциялау құралдарын және олардан ерітінділерді жасау ережелерін білу (хлорлы әктің 1,5-2%-дық ерітіндісі, гипохлоридті, кальций қосылған соданы және кір сабынды қолдану нормалары).

Біліктілікке қойылатын талаптар: Орта білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Электрмонтер – 2 бірлік

Біліктілікке қойылатын талаптар: орта кәсіптік білім, қауіпсіздік тобы 4-тен төмен емес 1000 В-қа дейін;

№ 1 оқу корпусының еден жуушысы – 5 бірлік

Біліктілікке қойылатын талаптар: орта білім, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қызметкерлерді басқару бөліміне хабарласыңыз (228каб.), тел.: 35-63-96

Әкімшілік-шаруашылық департаментінің директоры -1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: университеттің барлық материалдық-техникалық базасының жай-күйіне, оқу корпустарындағы, жатақханалардағы және жоо-ның басқа да құрылыстарындағы тәртіпке жауапты болу; күрделі құрылысқа, күрделі және ағымдағы жөндеуге басшылық жасау; өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес оқу және әкімшілік корпустарды, инженерлік желілер мен құрылыстарды пайдалану, күрделі және ағымдағы жөндеу кезінде нормативтік талаптардың орындалуын қамтамасыз ету; күрделі және ағымдағы жөндеудің перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз ету; университеттің барлық ғимараттарында санитарлық-гигиеналық іс-шараларды өткізуге жалпы бақылауды жүзеге асыру; қойма арқылы өтетін барлық материалдық құндылықтардың нормалануын және жұмсалуын ұйымдастыру және бақылау;

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім (инженерлік-техникалық білімінің болуы бәсекелестік артықшылық болып табылады), кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілік-шаруашылық қызметі саласындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе инженерлік-техникалық, құрылыс бейініндегі ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, қызметкерлерді басқару бөлімі (228-каб.), анықтама телефоны 35-63-96.

Құжаттар 20.05.2021 ж.  дейін қабылданады.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих мұражайының директоры – 1 бірлік.

Лауазымдық міндеттері: мұражай жұмысын ұйымдастыру және оның қызметіне толық жауап беру; құжаттардың, өнер туындыларының, басқа да экспонаттар мен қорлардың жүйеленген есебін және сақталуын ұйымдастыру; реставрациялауды қажет ететін экспонаттарды анықтау, қорлардың сақталуын қамтамасыз ететін алдын алу шараларын жүргізу; көрмелер ұйымдастыру.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, қызметкерлерді басқару бөлімі (228-каб.), анықтама телефоны 35-63-96.

Құжаттар 20.05.2021 ж. дейін қабылданады.

Денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі -1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: емдеу-профилактикалық және санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру; шұғыл көмек көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмектерді жазып беру және олармен медициналық пункттерді қамтамасыз ету; медициналық жиһазбен, жабдықпен, жедел жәрдем сөмкелерімен, дәрі-дәрмектер, құралдар, таңу материалдары бар жиынтықпен жабдықтау; дәрі-дәрмектер мен денсаулық сақтау пунктінің басқа да материалдық құндылықтарының дұрыс сақталуын, есепке алынуы мен пайдаланылуын бақылау; өз қызметі туралы жоспарлар мен есептер жасау және ұсыну, есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары медициналық білімі, жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, маман сертификатының болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, қызметкерлерді басқару бөлімі (228-каб.), анықтама телефоны 35-63-96.

Құжаттар 20.05.2021 ж. дейін қабылданады.

Білім сапасын мониторингілеу бөлімінің бастығы – 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері:  білім беру сапасын мониторингтік зерттеулердің әдістемелері мен құралдарын әзірлеуге қатысу; университетте даярлықтың барлық деңгейлерінде білім беру сапасына мониторинг жүргізу инструментарийін өзектілендіру; жоо басшылығы үшін іске асырылатын білім беру бағдарламалары шеңберінде білім беру сапасын арттыру бойынша жай-күйі, проблемалары және ұсынылатын түзету шаралары туралы зерттеулер жүргізу және талдамалық құжаттар дайындау; университеттің профессор-оқытушылар құрамын аттестаттау бойынша қажетті ұйымдастыру жұмысын жүргізу; білім беру үдерісінің барлық стейкхолдерлері үшін әлеуметтік сауалнама жүргізуді қамтамасыз ету; білім алушыларды қабылдау мен шығарудың, студенттерді қорытынды аттестаттаудың, бақылаудың академиялық көрсеткіштерін талдау; университеттің білім беру бағдарламаларының сапасын сырттай бағалау рәсімдерін ұйымдастыруға қатысу;

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және жоғары білім беру ұйымдарындағы педагогикалық және басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, ғылыми дәрежесінің болуы басым артықшылық болып табылады;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, қызметкерлерді басқару бөлімі (228-каб.), анықтама телефоны 35-63-96.

Құжаттар 20.05.2021 ж. дейін қабылданады.

Заң басқармасының бастығы – 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: университет қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету; университетте дайындалатын бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер, стандарттар мен басқа да құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу, оларға бұрыштама қою, сондай-ақ қажетті жағдайларда осы құжаттарды дайындауға қатысу; университеттегі құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнаманы және оны қолдану тәртібін түсіндіру, талап қою жұмысында құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсету, сот органдарына қажетті материалдарды дайындау және беру;  университетке түсетін заңнамалық және нормативтік актілерді жүйелі түрде есепке алуды, сақтауды, қабылданған өзгерістерді енгізуді ұйымдастыру, пайдаланушылардың оларға қол жеткізуін қамтамасыз ету; жауапты тұлғалардың стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратты уақтылы орындауын және ұсынуын бақылауды жүзеге асыру;

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары заң білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, қызметкерлерді басқару бөлімі (228-каб.), анықтама телефоны 35-63-96.

Құжаттар 20.05.2021 ж. дейін қабылданады.

Ректор аппаратының басшысы – 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: Басқарма төрағасы – ректордың қарарлары бойынша құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, ректор өткізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау. Басқарманың жұмыс жоспарын жасау. Басқарма төрағасы – ректордың қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайды. Басшының атқарушы билік органдарының өкілдерімен және ұйымдардың басшыларымен өзара әрекеттесуіне, оның телефон арқылы сөйлесуіне қолдау көрсетеді, басшының әртүрлі кеңестердегі отырыстары мен өкілдіктерінің кестесін үйлестіреді, оны атқарушы билік органдарында және өзге де ұйымдарда өкілдік ету үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Ұйымдармен іскерлік хат алмасуды жүргізеді. Іс қағаздарын жүргізеді, басшының атына келіп түскен хат-хабарларды қабылдайды, оны жүйелейді және қабылданған шешімдердің орындалу нәтижелері туралы оған баяндайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтауы немесе ғылым магистрінің академиялық дәрежесінің, ғылым кандидаты немесе докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, қызметкерлерді басқару бөлімі (228-каб.), анықтама телефоны 35-63-96.

Құжаттар 20.05.2021 ж. дейін қабылданады.

Өзгерістер жобалық кеңсесінің басшысы – 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: жетекшілік ететін проректормен Кеңсені дамытудың перспективалық бағыттарын анықтау және келісу; Кеңсенің ағымдағы оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарларын әзірлеу; университеттің стратегиялық міндеттері аясында ішкі жобаларды қалыптастыру; жобалық топтарды қалыптастыру; жобалық топтардың жұмысын үйлестіру; жобалық топтар жұмысының нәтижелерімен таныстыру; ішкі жобаның өмірлік циклін іске асыруды қамтамасыз ету; сапа менеджменті жүйесінің қағидаларын меңгеру.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік білім және жоғары білім беру ұйымдарындағы педагогикалық және басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, ғылыми дәрежесінің болуы басым артықшылық болып табылады;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, қызметкерлерді басқару бөлімі (228-каб.), анықтама телефоны 35-63-96.

Құжаттар 20.05.2021 ж. дейін қабылданады.

Технологияларды коммерцияландыру орталығының басшысы – 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: орталықтың перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын жасайды. Технологияларды коммерцияландыру үшін жобаларды іріктеуді және бағалауды жүргізеді. Технологияларды коммерцияландыру үшін университет ғалымдары жобаларының дерекқорын жаңартады. Университетте зияткерлік меншікті басқару инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі – инновациялық ғылыми-зерттеу әзірлемелерін қорғау, бағалау, сақтандыру, іске асыру. Отандық инновацияларды сыртқы нарықтарға жылжытуға, технологиялар трансфертіне, лицензиялық келісімдерді дайындауға қатысады. Маркетингтік зерттеулер жүргізеді, бизнес-жоспарлар әзірлейді. Университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу әзірлемелерін коммерцияландыруға жәрдемдесетін консультативтік және ақпараттық қызметті жүзеге асырады. Көрме науқандарын ұйымдастырады және өткізеді. Университеттің ғылыми қызметінің қорытындысы бойынша жылдық есеп дайындауға қатысады.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, ғылым магистрі академиялық дәрежесінің, ғылым кандидаты немесе докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесінің болуы басым артықшылық болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, қызметкерлерді басқару бөлімі (228-каб.), анықтама телефоны 35-63-96.

Құжаттар 20.05.2021 ж.  дейін қабылданады.

Қаржы директоры – 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: университеттің қаржылық саясатын анықтау, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру; қаржыны басқару бойынша жұмысқа басшылық ету; перспективалық және ағымдағы қаржы жоспарлары мен ақша қаражатының бюджеттерін жасауға басшылық жасау; ұйымның төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету және пайдасын, қаржылық және инвестициялық жобалардың тиімділігін, активтердің ұтымды құрылымын арттыру бойынша шаралар қабылдау; ұйым қызметінің қаржылық нәтижелеріне талдау және бағалау жүргізу және қаржыны басқарудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ ішкі аудит жүргізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру процесінде туындайтын өзара наразылықтарды қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды шешу жөнінде шаралар қабылдау;

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік (экономикалық) білім, қаржы-бухгалтерлік жұмыс өтілі, оның ішінде басшылық лауазымдарда, кемінде 5 жыл;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, қызметкерлерді басқару бөлімі (228-каб.), анықтама телефоны 35-63-96.

Құжаттар 20.05.2021 ж. дейін қабылданады.

10.10.2020

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕ АҚ профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

ботаника кафедрасы

профессор – 1 бірл., аға оқытушы– 1 бірл.,оқытушы– 2 бірл.

зоология кафедрасы

кафедра меңгерушісі– 1 бірл., аға оқытушы– 2 бірл.

шетел филологиясы кафедрасы

кафедра меңгерушісі– 1 бірл., аға оқытушы– 2 бірл.

шет тілдер кафедрасы

кафедра меңгерушісі– 1 бірл., аға оқытушы– 2 бірл.,оқытушы– 1 бірл.

шет тілді дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасы

аға оқытушы– 2 бірл.,оқытушы– 3 бірл.

аударма теориясы мен практикасы кафедрасы

аға оқытушы– 3 бірл.,оқытушы– 3 бірл.

археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы

доцент – 1 бірл., аға оқытушы– 2 бірл.

бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы

кафедра меңгерушісі– 1 бірл., аға оқытушы– 1 бірл.

профессор Т.Г. Мустафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия кафедрасы

доцент – 3 бірл., аға оқытушы– 1 бірл.

математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер кафедрасы

профессор – 1 бірл.

математика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы

доцент – 3 бірл.

қолданбалы математика және информатика кафедрасы

доцент – 1 бірл.,  аға оқытушы–3бірл.,оқытушы– 2 бірл.

дефектология кафедрасы

аға оқытушы– 2 бірл.

мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық дайындық кафедрасы

аға оқытушы–2 бірл.,оқытушы– 1 бірл.

бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы

доцент – 1 бірл.,  аға оқытушы–1 бірл.

 бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы

аға оқытушы–1 бірл.,оқытушы– 1 бірл.

профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасы

доцент – 1 бірл., аға оқытушы– 3 бірл.

радиофизика және электроника кафедрасы

кафедра меңгерушісі– 1 бірл., профессор  – 1 бірл., доцент – 1 бірл., аға оқытушы– 1 бірл.

көлік және кәсіптік оқыту кафедрасы

кафедра меңгерушісі– 1 бірл., аға оқытушы– 1 бірл.

физика және нанотехнологиялар кафедрасы

кафедра меңгерушісі– 1 бірл., оқытушы– 1 бірл.

дене мәдениеті ілімі мен әдістемесі және спорттық дайындық кафедрасы

доцент – 2 бірл., аға оқытушы– 3 бірл.

журналистика кафедрасы

аға оқытушы– 1 бірл.,оқытушы– 1 бірл.

қазақ тіл білімі кафедрасы

кафедра меңгерушісі– 1 бірл.

қазақ әдебиеті кафедрасы

оқытушы – 1 бірл.

профессор Г.А. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

кафедра меңгерушісі– 1 бірл.,оқытушы– 1 бірл.

саясаттану және әлеуметтану кафедрасы

профессор – 1 бірл.

психология кафедрасы

аға оқытушы– 2 бірл.

әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы

аға оқытушы– 2 бірл.

философия және мәдениет тарихы кафедрасы

кафедра меңгерушісі– 1 бірл., аға оқытушы– 3 бірл.

бейорганикалық және техникалық химия кафедрасы

доцент – 1 бірл.,оқытушы– 1 бірл.

органикалық химия және полимерлер кафедрасы

кафедра меңгерушісі– 1 бірл., доцент – 1 бірл., аға оқытушы– 3 бірл.,оқытушы– 2 бірл.

физикалық және аналитикалық химия кафедрасы

оқытушы – 2 бірл.

химиялық технология және мұнай химиясы кафедрасы

доцент – 1 бірл.

бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы

доцент – 1 бірл., оқытушы– 2 бірл.

маркетинг кафедрасы

аға оқытушы – 1 бірл.

менеджмент кафедрасы

аға оқытушы – 2 бірл.

экономика және халықаралық бизнес кафедрасы

профессор – 1 бірл., доцент – 1 бірл., аға оқытушы– 1 бірл.,оқытушы– 1 бірл.

азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы

доцент – 1 бірл., аға оқытушы– 1 бірл.

конституциялық және халықаралық құқық кафедрасы

кафедра меңгерушісі– 1 бірл., доцент – 1 бірл., аға оқытушы– 2 бірл.

мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

кафедра меңгерушісі– 1 бірл., аға оқытушы– 1 бірл.

қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасы

аға оқытушы– 3 бірл.

Биотехнология және экомониторинг ғылыми-зерттеу паркі

Ғылыми қызметкер – 1 бірл.

«Физика-химиялық зерттеу әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы

Жетекші – 1 бірл.,  Жетекші ғылыми қызметкер – 3 бірл.

Сарыарқа археологиялық институты

Аға ғылыми қызметкер – 1 бірл.

Талаптар:  Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары.

Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн.

Құжаттар Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, № 228 каб. мекенжайы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Қызметкерлерді  басқару бөліміне ұсынылады.

Анықтама телефоны:  8 (7212) 35-63-96

Бас бухгалтер – 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау мәселелері бойынша, сондай-ақ Ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне қатысты жоғары тұрған, қаржы және бақылау-тексеру органдарының әдістемелік және басқа да материалдары, азаматтық құқық, қаржы, салық, әкімшілік-шаруашылық заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және қаржы-бухгалтерлік жұмыс өтілі, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, 086 нысан бойынша медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, Қызметкерлерді басқару бөлімі (228 каб.), анықтама телефоны: 35-63-96.

Құжаттарды 2020 ж. 02.12-нан кешіктірмей тапсыру қажет.

Қоғамдық тамақтандыру комбинатының директоры – 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: кәсіпорын үшін бекітілген жоспарлар мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету, жоспарлар мен тапсырмаларды цехтарға, бригадаларға, филиалдар мен буфеттердің жекелеген қызметкерлеріне жеткізу және олардың орындалуын үнемі бақылау; кәсіпорынды қажетті ассортиментте азық-түлік тауарларымен уақтылы жабдықтау шараларын қабылдау; пайдаланылатын шикізаттың сапасын бақылауды жүзеге асыру; кәсіпорын жұмысына тұтынушыларға қызмет көрсетудің жаңа ілгерішіл нысандарын енгізу; бухгалтерлік, жедел және статистикалық есептің дұрыс жүргізілуін және жоғары тұрған ұйымдар көздеген мерзімде белгіленген есептіліктің ұсынылуын қамтамасыз ету, калькуляциялардың дұрыс жасалуын және бағалардың белгіленуін тексеруді жүзеге асыру.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, техникалық пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, 086 нысан бойынша медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, Қызметкерлерді басқару бөлімі (228 каб.), анықтама телефоны: 35-63-96.

Құжаттарды 2020 ж. 02.12-нан кешіктірмей тапсыру қажет.

Дербес жылыту станциясының бастығы – 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: ДЖС және ДЭС пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету; проблемаларды айқындау және басшылықпен ДЖС және ДЭС техникалық пайдалануды жақсарту жөніндегі шешімдер мен ұсыныстарды келісу; жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы, техникалық пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету; ДЖС жабдықтары мен қазандықтарына және ДЭС жабдығына ағымдағы және күрделі жөндеуді қамтамасыз ету; ДЖС қызметкерлерімен ҚТЕ, ӨҚЕ және ПТЕ бойынша нұсқама жүргізу.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, техникалық пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары техникалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, 086 нысан бойынша медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, Қызметкерлерді басқару бөлімі (228 каб.), анықтама телефоны: 35-63-96.

Құжаттарды 2020 ж. 02.12-нан кешіктірмей тапсыру қажет.

Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы – 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: Ұсыныстарға, өткізілген мемлекеттік сатып алуларға, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға бастапқы сараптама жүргізеді, оларға бұрыштама қояды, сондай-ақ осы құжаттарды дайындауға қатысады. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге бақылауды жүзеге асырады. Конкурстық құжаттаманы әзірлеуге қатысады, конкурстық комиссияның құрамын қалыптастырады, қажет болған жағдайда сарапшыны тартады, конкурстық комиссияның қажетті құжаттармен қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады, конкурстық комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады. Конкурстық құжаттаманы түсіндіреді, конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесулерді ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу бойынша есепті мемлекеттік сатып алу порталына ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, ҚР Үкіметінің 27.12.2007 ж. №1301 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін» (енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен).

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, 086 нысан бойынша медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, Қызметкерлерді басқару бөлімі (228 каб.), анықтама телефоны: 35-63-96.

Құжаттарды 2020 ж. 02.12-нан кешіктірмей тапсыру қажет

Күрделі жөндеу бөлімінің бастығы – 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: күрделі және ағымдағы жөндеудің сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету; ағымдағы және күрделі жөндеуге сметалық құжаттамада құрылыс нормалары мен бағалаулардың дұрыс қолданылуын дайындау және бақылауды жүзеге асыру; нақты орындалған жөндеу жұмыстарының көлемдерін тексеруді ұйымдастыру; жобалау ұйымдарының жобалау-іздестіру жұмыстарын және сәулет, эскиздік, жұмыс жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ жұмыс жобалары мен сметалық құжаттамаларына мемлекеттік сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру .

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары кәсіптік (техникалық) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, 086 нысан бойынша медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, Қызметкерлерді басқару бөлімі (228 каб.), анықтама телефоны: 35-63-96.

Құжаттарды 2020 ж. 02.12-нан кешіктірмей тапсыру қажет.

Жастар саясаты басқармасының бастығы – 1 бірлік.

Лауазымдық міндеттері: Білікті кадрларды іріктеу, университет студенттері қатарынан қоғамдық белсенділерді жұмысқа тарту. Университетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Университеттің студенттік қоғамдық ұйымдарының, студенттік өзін-өзі басқару органдарының және қызығушылық бойынша клубтардың қызметін үйлестіру. Жастармен жұмыстың озық тәжірибесін зерделеу, жинақтау және тарату, өз қызметінің нысандары мен әдістерін жетілдіру. Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің басқа да ұқсас комитеттерімен, қоғамдық және жастар ұйымдарымен, мүдделі мекемелермен және ұйымдармен іскерлік байланыстар орнату және қолдау.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заңдарын, еңбек туралы заңнаманың негіздерін және білім берудің бағыттары мен дамуын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді. Қазақстан Республикасының білім, ғылым, жастар саясаты саласындағы қолданыстағы заңнамасын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, 086 нысан бойынша медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, Қызметкерлерді басқару бөлімі (228 каб.), анықтама телефоны: 35-63-96.

Құжаттарды 2020 ж. 02.12-нан кешіктірмей тапсыру қажет

Студенттер үйінің директоры – 1 бірлік.

Лауазымдық міндеттері: Жатақханада тұратын студенттер арасында өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру, жетекшілік ету және бақылау. Жатақханаларда шығармашылық, спорттық және зияткерлік бос уақытты ұйымдастыру. Жатақхана тұрғындары арасында тәрбиелік сипаттағы тәртіпті бақылауды қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Жатақханада тұратын студенттердің әлеуметтік мәселелерін шешу, бос уақытын және өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету. Студенттер үйі маманының жұмысын үйлестіру, табыстау және бақылау. «Жастар орталығы» коворкинг-орталығында студенттер үшін мәдени бос уақытты және жұмысты ұйымдастыру. Студенттік кеңестің жұмысын, жатақхана белсенділерімен және старосталарымен жұмысты ұйымдастыру.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заңдарын, еңбек туралы заңнаманың негіздерін және білім берудің бағыттары мен дамуын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді. Қазақстан Республикасының білім, ғылым, жастар саясаты саласындағы қолданыстағы заңнамасын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: түйіндеме, 086 нысан бойынша медициналық тексеру, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, наркологиялық, психо-неврологиялық диспансерден анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, білімі туралы дипломдарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі.

Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: Университет к-сі, 28, Қызметкерлерді басқару бөлімі (228 каб.), анықтама телефоны: 35-63-96.

Құжаттарды 2020 ж. 02.12-нан кешіктірмей тапсыру қажет.

Маркетинг және рекрутинг басқармасының басшысы – 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: маркетинг және рекрутингті жүзеге асыру бойынша жұмыс жағдайына талдау жүргізу, жұмыстың осы бағытын жақсарту бойынша шаралар әзірлеу, бөлімше қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы анықтамалар дайындау; маркетинг және рекрутинг басқармасы қызметінің ағымдағы мәселелері бойынша шетелдік жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен хат алмасу; функционалдық міндеттер көлемінде маркетинг және рекрутинг басқармасының жұмысымен байланысты есептік құжаттаманы дайындау; сеніп тапсырылған бөлімше шеңберінде сапа менеджменті жүйесінің ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу; рекрутингтік қызметті жалпы үйлестіруді жүзеге асыру.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; ИСО 9001:2015 халықаралық сапа менеджменті стандартын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары экономикалық білім, ғылыми дәреже (ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD докторы), мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, басшылық лауазымдарында кемінде 3 жыл.

Top