ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ РЕКРУТИНГТІК ЖҰМЫСТАР Самарқанд қ.

Біздің делегацияның Самарқанд қаласында рекрутингтік жұмыстары жалғасуда. 2021 жылғы 3 маусымда Маркетинг және рекрутинг басқармасының басшысы А.А.Дүйсембаев және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А.Р Барикова Самарқанд қаласының мектеп және колледж түлектерімен кездесу өткізді.

Кездесуде біздің университет туралы презентация көрсетілді, факультеттер мен білім беру бағдарламаларының бар болуы мен саны, инновациялық білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттарды тапсыру тәртібі мен мерзімдері, оқу құны туралы, жатақхананың бар болуы мен төлем сомасы туралы, біздің университеттің инфрақұрылымы туралы, студенттердің студенттік өмірі туралы және т.б. түсіндірілді.





Subscribe
Notify of
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Top
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x