ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ РЕКРУТИНГТІК ЖҰМЫСТАР Наманган қ.

Біздің делегацияның Ташкент мемлекеттік экономикалық университетіне сапарының жалғасы – 2021 жылғы 2 маусымда Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін Өзбекстан мектептері мен колледждерінің түлектерін тарту бойынша рекрутингтік жұмыс жүргізілді. Маркетинг және рекрутинг басқармасының басшысы А.А.Дүйсембаев және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А.Р.Барикова Наманган қаласында әлеуетті талапкерлермен кездесу өткізді.

Кездесуде жалпы біздің университет туралы, факультеттер мен білім беру бағдарламалары, инновациялық білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді, күндізгі және қашықтықтан оқыту нысанына университетке түсу үшін құжаттарды тапсыру тәртібі мен мерзімдері, оқу құны туралы, жатақхана үшін төлемнің болуы мен сомасы туралы, жалпы университеттің инфрақұрылымы туралы, студенттердің студенттік өмірі туралы және т.б. түсіндірілді.






Subscribe
Notify of
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Top
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x