БМПУ-мен дөңгелек үстел

2021 жылғы 20 мамырда Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің жаратылыстану факультеті мен Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география және химия факультеті арасындағы ынтымақтастықты талқылау бойынша онлайн режимінде дөңгелек үстел өтті.

Талқылауға ҚарУ-дан факультет декандары, деканның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра және ғылыми зертханалар басшылары қатысты.

Ынтымақтастық мәселелері келесі бағыттар бойынша талқыланды:

  1. БМПУ жаратылыстану факультетінде оқу:

1) академиялық ұтқырлық шеңберінде модульдер бойынша оқыту;

2) академиялық ұтқырлық шеңберінде БМПУ жаратылыстану факультетінің үшінші және төртінші курстарында оқуды жалғастыру;;

3) магистратурада оқу.

  1. Халықаралық үлгідегі қос диплом алу мүмкіндігін пысықтау.
  2. Екі жоғары оқу орны арасында оқытушылардың өзара тағылымдамасы мен академиялық ұтқырлығынан өту.
  3. Оқу сабақтарын өткізу:

1) мамандықтардың базалық курстары бойынша ағылшын / орыс тілдеріндегі дәрістер (онлайн);

2) КарУ базасындағы (Қарқаралы тауы)  және академиялық ұтқырлық форматындағы оқу, өндірістік практикалар негізінде жүзеге асырылады;

3) студенттер мен оқытушыларға арналған орыс және/немесе ағылшын тілдеріндегі онлайн семинарлар, семинар-практикумдар (вебинарлар) (студенттік ғылыми зертханалардың басшылары және профессорлық-оқытушылық құрам).

  1. Бейінді пәндер бойынша бірлескен оқу-әдістемелік, электрондық, интерактивті құралдар әзірлеу (Модульдер шеңберінде).
  2. ҚарУ биология-география және химия факультеті базасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру үшін база ұсыну.
  3. Ғылыми мақалаларды өзара рецензиялау – “Қарағанды университетінің Хабаршысы, Биология, медицина, география” журналы мен химия сериясы үшін рецензенттер базасын, сондай-ақ оқу құралдары мен монографияларды толықтыру.
  4. М. Танк атындағы.БМПУ-дан шақырылған редакторлар есебінен арнайы (тақырыптық шығарылымдар) ұйымдастыру.
  5. Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша бірлескен ғылыми зерттеу жобаларын орындау (оның ішінде:):

1) Өсімдіктердің өнгіштігі мен өнімділігін арттыру үшін лазерлік сәулеленуді қолданудың оңтайлы жағдайларын анықтау;

2) сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді криоконсервациялау.

3) денсаулық сақтау технологияларын дамыту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру;

4) әртүрлі ауруларды анықтау және су сапасын талдау үшін ДНҚ-зондтар мен наноқұрылымды пленкалар негізінде биосенсорлар әзірлеу;

5) денсаулық сақтау ортасын құру үшін аурудың генетикалық факторларын бағалау.

  1. Биология және химия пәндері бойынша бірлескен халықаралық конференциялар мен халықаралық олимпиадалар ұйымдастыру және өткізу.
  2. Гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу үшін жобаларды бірлесіп ұсыну-халықаралық ынтымақтастық.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша пікір алмасып, келесі оқу жылына арналған ынтымақтастық іс-шаралар жөнінде келісу басталды.

Subscribe
Notify of
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Top
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x