Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

2021 жылдың 29-30 сәуірі аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Маркетинг» кафедрасы және Цифрлық экономиканы зерттеу институтының негізінде «Маркетинг» мамандығы бойынша II Халықаралық қашықтық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстан мен ТМД елдерінен 15 команда қатысты. Олимпиада екі турдан тұрады: «Онлайн-сұрау», «Логистика саласында жоба». Командалар бейнеролик түрінде «Логистикалық жоба: Қалалық логистика» тақырыбында жоба ұсынды.

Қорытынды нәтижеге сәйкес жүлделі орындар келесідей бөлінді: 

1 орын:

Диасамидзе Л., Кораневский Д.М., Рыбальченко Ф.В. құрамындағы «МИТСО» Халықаралық университетінің (Беларусь Республикасы)  «FILA» студенттер командасы. Ғылыми жетекші: Замостоцкий Е.Г., т.ғ.к., доцент, экономика және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі.

2 орын:

  • Гребенюк Д.Д., Стожарова К.А., Кульжамбекова Б.Ш.. құрамындағы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің (Қазақстан Республикасы) «Logist Club» магистранттар командасы. Ғылыми жетекшілер: Мамраева Д.Г. – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Ташенова Л.В. – э.ғ.м., аға оқытушы.
  • Борисов И.А., Лапова А.В., Юрова А.И. құрамындағы Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің (Ресей Федерациясы) «Том Груз» студенттер командасы. Ғылыми жетекші: Бармина Е.Ю., э.ғ.к., логистика және жеткізу желілерін басқару кафедрасының доценті.

3 орын:

  • Бордунова М.С., Звегинцева Е.Д., Илюхин Р.А.құрамындағы Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің (Ресей Федерациясы) «РЭУ им. Г.В. Плеханова» студенттер командасы. Ғылыми жетекші: Шишкина Д.И., мейрамхана бизнесі кафедрасының ассистенті.
  • Потаповская М.А., Григоренко А.В., Полищук А.С. құрамындағы Инфрақұрылым және технологиялар мемлекеттік университетінің (Украина) «PRO Logistics» студенттер командасы. Ғылыми жетекші: Петренко О.И., э.ғ.к., доцент, бизнес-логистика және көліктік технологиялар кафедрасының меңгерушісі.
  • Исабекова А.Ә., Көшетаева Д.С., Синица Д.Н. құрамындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің (Қазақстан Республикасы) «KANBAN» студенттер командасы. Ғылыми жетекші: Ахметова З.Б., э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының меңгерушісі.

Олимпиада қорытындысы бойынша қосымша 2 номинация белгіленді:

 «Кәсәби көзқарас»  номинациясы бойынша Талгат А., Пернебек Н., Кулдеева А. қарамындағы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің (Қазақстан Республикасы) «Logisrythm» студенттер командасы марапатталады. Ғылыми жетекшілер: э.ғ.м., маркетинг кафедрасының аға оқытушылары Алмас Төлеуұлы, Джумабаева Ш.Б.

 «Тиімді логистика» номинациясы бойынша – Тайыржанова А.Р., Чупанова З.С., Аллаберген А.М. құрамындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеушілік университетінің (Қазақстан Республикасы) «AAZ Log» студенттер командасы марапатталады. Ғылыми жетекші Тюлюбаева З.Д., т.ғ.к., И.В. Сахаров атындағы «Машина пайдалану» кфедрасының қауымдастырылған профессоры. 

Барлығыңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет.!

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Subscribe
Notify of
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Top
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x