Қаржылық қауіпсіздік бойынша Халықаралық олимпиаданың І іріктеу (жоғары оқу орны) кезеңі

2021 жылдың 24 мамырында экономика факультетінде 4 курс студенттері мен магистранттары үшін қаржылық қауіпсіздік бойынша Халықаралық олимпиаданың 1 жоғары оқу орны (іріктеу) кезеңі өтеді.

Олимпиада болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін дамытуды анықтау, жастардың ақпараттық, қаржылық, құқықтық сауаттылығын және мәдени деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі және талантты студент жастарды қолдау факторларының бірі болып табылады.

Олимпиаданың I кезеңінің қорытындысы бойынша (ЖОО ішіндегі) Басқарма Төрағасы – Ректордың бұйрығымен бекітілген қазылар алқасы конкурстық негізде “Сириус” федералды аумағында (Сочи қ., Ресей) өткізілетін ЖОО-ның үздік білім алушыларын ІІ қорытынды (финалдық) кезеңге іріктейді және жібереді.

Олимпиаданың I кезеңіне қатысу үшін 2021 жылдың 17 мамырына дейін (қоса алғанда) олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне forumksu17@mail.ru электрондық мекенжайға “Олимпиада ФБ 2021” белгісімен келесі құжаттар жолдау қажет:

– Нысан бойынша өтінім (Ереженің 1-қосымшасы);

– Білім алушылардың жеке куәліктерінің көшірмелері.

Қосымша ақпарат алу үшін +77024473447 (Жанибек Маратұлы) телефонына немесе e-mail арқылы хабарласуға болады: zhanibek862010@mail.ru

Қаржылық қауіпсіздік бойынша олимпиаданың ЖОО (іріктеу) кезеңін ұйымдастыру және өткізу туралы ереже

Top