Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз, алда үлкен жетістіктерге жете беріңіздер!!!

2021 жылдың 24 сәуірінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің химия факультетінің базасында, химия пәні бойынша облыстық XIV Ашық онлайн олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Қарағанды қаласы мен Қарағанды аймақтарының орта мектептері, лицей, гимназия және мектеп-интернаттарының 11 сынып оқушылары қатысты. Карантиндік іс шараларға байланысты олимпиада қашықтықтан және бір кезеңде өткізілді. Қатысушылар мектеп бағдарламасы аясында химия пәнінен есептер шығарды. Олимпиада қатысушылары мектепте алған білімдерін ортаға салып, өздерінің дайындықтарын көрсетті. Жалпы тапсырмаларды орындауға қатысты ең жоғары балл- 30
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей нәтиже көрсетті:
1 орын – Савкин Виталий Андреевич, СОШ№63.
2 орын – Медеубаева Анель Газизовна, СОШ №32.
2 орын – Адамова Камила Ерлановна, КГУ гимназия№97.
3 орын – Цой Сергей Витальевич, КГУ гимназия№97.
3 орын – Ким Георгий Владимирович, КГУ СОШ №63.
3 орын – Омарова Алия, СОШ №74.

Top