Кәсіби бағдар беру жұмысы-Жезқазған қ.

2021 ж. 27 сәуірінде Маркетинг және рекрутинг басқармасы Жезқазған қаласының мектеп түлектерімен онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге бірнеше мектеп оқушылары қатысты: “№ 24 жалпы білім беретін орта  мектебі”  КММ (14 оқушы), “№ 3 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ (40 оқушы), “Қ.Сәтпаев атындағы №7 мектеп” КММ (60 оқушы), “№ 1 жалпы білім беретін орта мектебі “КММ (70 оқушы), Кеңгір кентінің “№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ (5 оқушы), “Қ.Шыңғысов атындағы № 5 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ (50 оқушы), ” № 9 ЖББМ (РО)” КММ (9 оқушы). Сондай-ақ № 7 МЛ директордың тәрбиеісі жөніндегі орынбасары Таймағамбетова Ж.У., № 7 МЛ директордың кәсіби бағдар жұмысы бойынша орынбасары Досмағамбетова Ж.А., № 24 ОМ директордың тәрбиеісі жөніндегі орынбасары Әміренова Ж.К. қатысты.

Кездесу барысында басқарма мамандарымен ЖОО-на түсу үшін құжаттарды тапсыру ережесі, мемлекеттік білім гранттарын тағайындау тәртібі түсіндірілді; факультеттердің саны және біздің университете білім беру бағдарламаларының болуы туралы, оқу құны туралы, университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығы туралы, түлектердің жұмысқа орналасуы туралы, университет басшылығының бизнес-идеялар мен стартап-жобаларды ілгерілетуде студенттердің қолдауы туралы, университеттің инфра құрылымы туралы ақпарат берілді; жатақханаға орналасу тәртібі мен төлем сомасы және т. б. түсіндірілді.

Түлектер ақпаратты қызығушылықпен тыңдады, көптеген сұрақтар қойылды, оларға нақты жауаптар берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша университет делегациясының түлектердің, сондай-ақ олардың ата-аналарының қатысуымен кеңейтілген құрамда көшпелік ездесулерін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.





Top