Кәсіби бағдар беру жұмысы-Абай қаласы

Маркетинг және рекрутинг басқармасы, сондай-ақ факультеттердегі кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты тұлғалар 2021 жылғы 24 ақпанында Абай қаласының № 5 мектеп – гимназиясы (54 оқушы), Абай ауданының “Дубовка жалпы білім беру мектебі” КММ (9 оқушы) Қарағанды облысы Абай ауданының қазақ тілінде оқытатын мектеп түлектерімен онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге Абай қаласының № 5 мектеп – гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жумакелд А., Абай ауданының “Дубовка жалпы білім беру мектебі” КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мукажанова Д.С., сондай-ақ университет факультеттерінде кәсіби бағдар беру жұмысына жауаптылар: шетел тілдерін оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының п.ғ.к., доцент Акбаева Г.Н., Бастауыш сыныптарлағы оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Ланцева Т.В., бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Салкимбаева С.А., физика және нанотехнология кафедрасының аға оқытушысы Каюмова А.С.
Маркетинг және рекрутинг басқармасының мамандары жалпы университет туралы презентация көрсетті, сондай-ақ кәсіби бағдар беру жұмысына жауаптылар презентацияларын көрсетіп, олар ұсынатын факультеттердің білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат берді.
Кездесу барысында түлектер оқуға түсу үшін құжаттарды тапсыру мерзімдері туралы, белгілі бір білім беру бағдарламаларына түсу үшін өту балдары туралы, университет факультеттерінде мамандықтардың болуы туралы, инновациялық білім беру бағдарламалары туралы, коммерциялық негізде оқу құны туралы, университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы туралы, университет түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы, университетте әскери кафедраның ашылуы туралы және т. б. мәліметтермен ақпараттандырылды.
Түлектер сұрақтар қойып, оларға толық жауаптарын алды.




Top