Кәсіби бағдар – Жезқазған қ.

Маркетинг және рекрутинг басқармасымен 2021 жылдың 25 қаңтарында Жезқазған қаласының № 8 гимназия (51 оқушы) және жалпы білім беретін № 21 мектеп (25 оқушы) түлектерімен кәсіби бағдар сұрақтары жайлы онлайн-кездесу өткізілді. Кездесуге 11 сыныптар, № 8 гимназия директорының оқу жөніндегі орынбасары Жанул А.М. және сыныптардың жетекшілері қатысты, университет тарапынан доцент, э.ғ.к. Қазбеков Т.Б қатысты.
2021 жылдың 26 қаңтарында Жезқазған қаласының № 7 лицей (38 оқушы) түлектерімен онлайн-кездесу өткізілді. Кездесуге сынып жетекшілері Таңатар Г.К., Жолдыбаева К., Ташенова Г.А., Азбаева А. және Мауленова А. қатысты. Бұл кездесуде маркетинг және рекрутинг басқармасының жетекшісі Дүйсембаев А.А. университетке түсетін талапкерлерге бағытталған кәсіби бағдардағы түсіндірме жұмыстарын презентациялық материалдармен көрсетті.
Онлайн-кездесу барысында барлық түлектер оқуға түсу, қажетті құжаттарды тапсыру мерзімі, мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға түсу шарттары, грантқа түсу үшін өту балдары, университетте білім беру бағдарламаларының болуы, оқу құны, жатақханада тұру құны және т.б. туралы, сондай-ақ университеттің инфрақұрылымы туралы ақпарат қызығушылықпен қабылданды.
Кездесу қорытындысы бойынша 2021 жылғы ақпан айында кеңейтілген құрамда қайта кездесу өткізу туралы келісілді.










Top