«Жас ғалымның үздік жарияланымы» конкурсы

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті демеушілік көмек көрсету туралы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» ЖҚ-мен («Нұрсұлтан Назарбаев қоры») шарт шеңберінде жас ғалымдардың ғылыми жарияланымдық белсенділігін ынталандыру, сондай-ақ жас ғалымдарды көтермелеу мақсатында жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жас ғалымның үздік жарияланымы» конкурсын өткізеді.
Байқауға Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 40 жасқа дейінгі штаттық оқытушылары мен қызметкерлері лауазымы, ғылыми дәрежесі және атағын шектеусіз қатыса алады.

Ереже
Қосымшалар

Ғылым және коммерцияландыру басқармасы
Кулумбетова Индира
8(7212) 35-64-93

Top